Бүгін - суретші Алпысбай Қазығұловтың туған күні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - суретші Алпысбай Қазығұловтың туған күні (ВИДЕО)

25.09.2015
Бүгін - суретші Алпысбай Қазығұловтың туған күні (ВИДЕО)

Ол бірде-бір шет тілін білмейді, ұшаққа мінуге де қорқады. Қазіргі заманның сұранысы - интернеттің де тілін меңгермеген. Десе де, оның қиялынан туған картиналар әлемнің бірнеше еліне танымал.

Абстракция және сюрреализм бағытында сурет салатын ол Ресей, Жапония, Нидерланд, Бельгия, Прагада көрмелерін өткізді

Балықшылар әулетінде дүниеге келген суретшінің өнер жолын таңдауына атасының тағылымды тәрбиесі әсер еткен. Автордың көпсериялы суреттерінің дала тақырыбында өрбуі де осы тәрбиенің бастауы саналады.

 «Алпысбай шығармашылық орта жасауға өте құмар. Ал, ол өнер адамы үшін өте қажет», дейді суретші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сембіғали Смағұлов.

«Суретшінің әр табысы тікелей табандылық пен еңбекқорлықтың арқасында ғана келеді», деген қағиданы берік ұстанатын қылқалам шеберінің арманы - әр туындысын ұрпақ игілігіне айналдыру.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу