Бүгін - Әбілхан Қастеевтің туған күні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Әбілхан Қастеевтің туған күні (ВИДЕО)

14.01.2015
Бүгін - Әбілхан Қастеевтің туған күні (ВИДЕО)

14 қаңтар - Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туған күні.

Әбілхан Қастеев - туған жердің табиғатын зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Қылқалам шебері сөзбен жеткізе алмаған идеяларын сурет арқылы бейнелеп көрсеткен.

Өмірінің соңына дейін төрт мыңға жуық туындының авторы атанды. Оның әрбірі көрерменге өзінше тіл қатады.

Кенесары Қасымұлының келбеті қандай болғанын тарихшылар Қастеевтің салған суреті арқылы біледі. Суретші бұл портретті батырды сипаттай алатын адамдарды іздеп тауып, солардың сөзіне сүйене отырып салған.

Сондай-ақ, ол бейнелеген қазақ зиялыларының ішінде  ұлы Абай мен Шоқанның портреттері бар.

Бейнелеу өнері шеберінің еңбегі мен өмірі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу