Бүгін - суретші, ҚР Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбековтың  туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - суретші, ҚР Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбековтың  туған күні

12.10.2016
Бүгін - суретші, ҚР Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбековтың  туған күні

12 қазан, сәрсенбі, 2016 жыл

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1998) композитор Ш.Қалдаяқовтың (1930-1992) Алматыдағы зиратына ескерткіш қойылды.

19 жыл бұрын (1997) Алматыда Ұлттық ақпарат орталығы ашылды.

25 жыл бұрын (1991) Қазақстан Жастар одағы құрылды.

 

ЕСІМДЕР

73 жыл бұрын (1943) әнші, педагог, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Жұлдыз Әбілқайырқызы БАЙМОЛДИНА  дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1938-2014) монументші-суретші, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мемлекеттік Туының авторы Шәкен НИЯЗБЕКОВ  дүниеге келді.

робьрб

81 жыл бұрын (1935-2007) атақты итальян әншісі (тенор) Лучано ПАВАРОТТИ дүниеге келді.

роьбр

82 жыл бұрын (1934-1997) палуан, еркін күрестен тұңғыш қазақстандық спорт шебері, Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қабден Рахманқұлұлы БАЙДОСОВ  дүниеге келді.

87 жыл бұрын  (1928-2002) жазушы Жүніс ЫБЫРАЕВ  дүниеге келді. 

93 жыл бұрын (1923-2009) қазақ халқынан шыққан тұңғыш сүңгуір кеме капитаны, КСРО Әскери-теңіз флотының I дәрежелі капитаны Қуанғали Жұмәліұлы ИХАРОВ  дүниеге келді. 

и

97 жыл бұрын (1919-1975) ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Сергей Михайлович ЗУБАКОВ  дүниеге келді. 

106 жыл бұрын  (1910-1985) актер, Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген әртісі Григорий Матвеевич САМОЙЛИН  дүниеге келді. 

120 жыл бұрын (1896-1981) итальян ақыны, прозашы, Нобель сыйлығының лауреаты Эудженио МОНТАЛЕ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу