Аманат Назарқұлдың картиналары ұлттық бояуға қанық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аманат Назарқұлдың картиналары ұлттық бояуға қанық

03.11.2015
Аманат Назарқұлдың картиналары ұлттық бояуға қанық

Аманат Назарқұл – еліміздегі танымал әрі талантты суретшілердің бірі. Оның қылқаламынан туған картиналар ұлттық бояуға қанық. Суретші елге белгілі көптеген еңбектер мен тарихи ескерткіштердің авторы.  Ол өнерге алғаш қадам басқан кезінен монументализм бағытын таңдаған. Бұл бағыт оның әр шығармасынан айқын аңғарылады.

«Шын өнер  жүректен шығады. Сондай-ақ, толғаудан, уайымнан шығады. Негізі ақын да, жазушы да, композитор да суретші. Бірақ, әрқайсысы әрқалай суреттейді. Жүректен шыққан дүние адамға әсер етеді, уақытты жеңеді»,-дейді ол.

Монументалистік кескіндеменің шеберін қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов Қазақстанның мәдени өміріндегі үлкен құбылысқа балаған екен.  Оның «Бабалар рухы», «Үш грация», «Түнгі жолаушы» және т.б. картиналары тың әрі ешкімге ұқсамайтын композицияларымен ерекшеленеді.

Тағы бір айта кетерлігі, Аманат Назарқұл жуырда ғана Тараз өңірінде ашылған «Күміс ғасыр» тарихи монументін жобалаушы.  Өңірдегі елеулі еңбектері үшін қылқалам шебері көптеген марапатқа ие болған.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу