НАСА америкалық ғарыш агенттігінің ғалымдары Марста метанның органикалық молекулалары табылғаны жайлы жариялады. Бұл жаңалықты Curiosity марсоходы ашқан. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, метанның бар болуы «Қызыл планетадағы» тіршіліктің дәлелі болуы мүмкін. Өйткені, Жердегі осы газдың көп бөлігін микроағзалар шығарады.
Ровер атмосфераның құрамын соңғы бес жыл бойы зерттеген. Нәтижесінде, метанның деңгейі маусымға байланысты өзгеретіні анықталды. Яғни, ол жазда өсіп, қыста азаяды екен.
Метан құрғап қалған көлдің түбінен анықталған. Мамандардың пікірінше, газ Марс топырағының төменгі қабаттарындағы микробтардан пайда болады.
Мадина РАХЫМБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.