Басты Жаңалықтар Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты

Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты

Халықаралық  байқаушылар алдағы Құрылтай сайлауына дайындық барысымен танысты. Орталық сайлау комиссиясының  төрағасы Түркі мемлекеттері ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының өкілдерін қабылдады. Байқаушылар жасанды интеллект пен басқа да технологиялық құралдардың жоғары деңгейде қолданылып отырғанын атап өтті. Алдағы саяси науқанды бақылауға 42 елден 777 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Оның 617-сі  13 халықаралық ұйымның атынан келген.

Нуру Гулиев, Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары:

Біздің ұйымнан 10 өкіл бақылаушы болады. Жаңа Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Әбдіров мырзамен кездесуден ұққаным - бауырлас Қазақстан мемлекеті бұл саяси науқанға тыңғылықты дайындалған. Осы атқарылған жұмыстардың арқасында әділ әрі ашық сайлау өтіп, азаматтар өздері таңдаған өкілдерін Құрылтайдан көре алады деп ойлаймын.


Бөлісу