Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
8 миллиард теңге. Бұл — қазақстандық ата-аналардың балаларының білімі мен баспанасына жинаған қаржысы. Олар мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып отыр. Ол қандай мүмкіндік? Депозиттегі жинақты қалай көбейтуге болады?
Назерке Өтеген, тілші:
«Отбасы банк» баланың болашағына қаржы жинаудың бірнеше тиімді жолын ұсынады. Ол «Ұлттық қор балаларға» бағдарламасы, «Келешек» жүйесі мен «Ақыл» депозиті. Әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
Алғашқы бағдарламада балаға 18 жасқа дейін Ұлттық қордан қаражат есептеледі. Кәмелетке толған соң оны білім немесе баспана алуға пайдалануға болады. Қаражатты «Отбасы банкіндегі» депозитке аударған жағдайда оған банктің 2 пайыздық сыйақысы мен 20 пайыз мемлекеттік сыйлықақы қосылады. Бағдарламаға 2024 жылдан бері қатысқан балалардың шотында қазірдің өзінде 370,56 АҚШ доллары жиналған. Егер жинақ осылай тұрақты толықтырса, төмен пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй заемын алуға, әсіресе «Наурыз» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік артады. Депозитке жүйелі түрде ақша салып отырудың тағы бір пайдасы табысты растамай-ақ несие алуға болады. Егер 18 жасқа толғаннан кейін қаражат 10 жыл ішінде пайдаланылмаса, ол иесінің зейнетақы шотына аударылады.
Баланың біліміне қаржы жинауға арналған екінші тиімді жүйе - «Келешек». 5 жастан бастап мемлекет бүлдіршінге бастапқы білім беру капиталын береді. Оны сақтау үшін ата-ана депозитті жыл сайын толықтырып отыруы керек. Ең төменгі жарна 103 800 теңге. Әлеуметтік осал санаттағы балаларға - 51 900 теңге. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер үшін міндетті жарна талап етілмейді. Бұл қаражат «AQYL» білім беру депозитіне түседі. «Келешек» бойынша жинақтың пайдасы: оған «Отбасы банктің» 13,84 пайыздық сыйақысы және мемлекеттен 5 пайыздық сыйлықақы қосылады. Әлеуметтік санаттағы балаларға 7 пайыздық мемлекеттік қосымша төлем беріледі. Егер бала оқуға грантқа түссе, жинақталған қаражатты іні-қарындастарына беріп немесе тұрғын үй үшін пайдалануға да құқылы. 2025 жылдан бері «Келешек» жүйесі бойынша 35 мыңнан астам бала мемлекеттік қолдауға ие болған. Олардың білім беру депозитіне жалпы 8,2 млрд теңге аударылған. Осылайша, сіз де «Отбасы банкіндегі» жинақты дұрыс қолдану арқылы балаңыздың білімі мен баспанасына алдын ала қаржы жинай аласыз.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06
Президент тапсырмалары жүйелі іске асып жатыр
20.08.2026, 20:05