Басты Жаңалықтар Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты

Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты

Қазақстандықтардың банктегі депозиттері алғаш рет 30 триллион теңгеден асты. Тек 2026 жылдың екінші тоқсанында салымдар 1,9 триллион теңгеге, яғни 7%-ға өскен. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады. Талдаушылардың мәліметінше, бір жыл ішінде депозиттердің жалпы көлемі 18,3%-ға артқан. Депозиттің 96%-ы ұлттық валюта, ал шетелдік валютамен жинақталған депозиттердің үлесі алғаш рет 20%-дан төмендеген. Салыстырмалы түрде 2015 жылы қазақстандықтар банк салымдарының шамамен 80%-ын шетел валютасында ұстаған. Депозиттердің өсуіне банктердегі жоғары пайыздық мөлшерлемелер де әсер етті. Кейбір банктерде депозиттердің табыстылығы 20 - 20,5%-ға дейін жеткен.

Бауыржан Ысқақов, экономист:

Негізінен азаматтарға екінші деңгейлі банктер тарапынан депозиттік саясаттың тиімді инструменттерінің ұсынылуы. Яғни біздегі базалық ставканың жоғары болуының өзі пайыздардың депозитке қатысты жоғары болуына әкелді. Бұл - бірінші фактор. Азаматтар теңгелік депозитке ақшаны көп сала бастады. Екіншіден, жалпы қазақстандықтардың ақша жинау мінез-құлқының оң жаққа қарай бағытталуы.
Бөлісу