Ауғанстан президенті Ашраф Ғани «Талибан» радикалды тобымен атысты уақытша тоқтату режимін енгізуге келіскені туралы жариялады.
«Рейтердің» хабарлауынша, тараптар ымыраға Қасиетті Рамазан айының аяқталуы мен Ораза-байрам мейрамының басталуына орай келген. Ол маусымның 12-нен 20-на дейін жалғасады.
Алайда, мемлекет басшысы «Ислам мемлекеті», «Әл-Каида» және өзге халықаралық террористік ұйымдармен бітімге келмегенін атап айтты.
Айта кетсек, жақында ғана Кабулде жанкешті террорист өз-өзін жарып жіберіп, 14 адамды мерт қылған еді. Ол лаңкестік шабуыл үшін жауапкершілікті «ДАИШ» тобы өз мойнына алды.
Мадина РАХЫМБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.