Ресейде футболдан өтетін Әлем чемпионатына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде футболдан өтетін Әлем чемпионатына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді

06.06.2018

Футболдан Әлем чемпионатының басталуына 8 күн қалды. Осыған байланысты қазір бүкіл Ресей бойынша қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілді. Бұл туралы бүгін Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында Әлем чемпионаты кезінде Жедел әрекет ету және қауіпсіздікті сақтау орталығының жетекшісі Алексей Лаврищев мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресейдің арнайы қызмет органдары мен Ішкі істер министрлігі қазірдің өзінде кез келген заңбұзушылықтың алдын алуға дайын. Барлық жұмысты шұғыл үйлестіретін, қарамағына 15 министрліктің өкілі кіретін арнайы штаб жұмыс істеп тұр. Мамандар доп додасы аяқталғанша ішімдік заттарды сатуға, жүк көліктерімен қалаға кіруге және қару-жарақты алып-жүруге қатысты бірқатар шектеулер енгізілгенін айтты.  

Алексей Лаврищев, футболдан Әлем чемпионаты кезінде Жедел әрекет ету және қауіпсіздікті сақтау орталығының жетекшісі:

- Чемпионатқа қатысатын спортшылар мен жанкүйерлердің қауіпсіздігіне, ұйымдастырушы ел ретінде Ресей тарапы, оның арнайы қауіпсіздік қызметтері кепілдік береді. Олардың нақты санын айта алмаймыз. Дегенмен, шетелдік қонақтар мен өз азаматтарымыздың Ресей аумағында алаңсыз жүруі үшін, барлық тиісті шаралар қабылданған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы Ресей Президентінің арнайы Жарлығы бар. Жалпы, мұндай ауқымды жарыстарды өткізуде біздің тәжірибеміз мол.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу