Йоханнесбург қаласында ақша тиелген екі машинаға шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йоханнесбург қаласында ақша тиелген екі машинаға шабуыл жасалды

18.05.2018

Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында ақша тиелген екі брондалған көлікке шабуыл жасалды. Қарақшылар винтовкалар мен жарылғыш заттармен қаруланған.

Болған жайтты көшеде өтіп бара жатқан көлік жүргізушілерінің бірі ұялы телефонға түсірген екен. Мына кадрлардан көріп отырғаныңыздай, әуелі машиналардың бірінің астында бомба жарылып, айнала қара түтінге оранды. Кейін атыс жаңғыры естілген. Шабуылшылардың саны шамамен 10-13 адам. Олар қаптарға салынған банкноталарды өз автомобильдеріне салып, іздерін суытты.

Оқиға салдарынан екі күзет маманы жараланған. Ал, полиция тікұшақпен қылмыскерлердің соңына түсіп, бірнеше адамды ұстағанын мәлімдеп отыр.

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу