Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разактың екі үйінде тінту жүргізілді. «Рейтердің» хабарлауынша, полиция бірнеше қорапты алып шығып, оларды көліктерге салып әкетті.
Тінтулер түні бойы жалғасыпты. Ал, экс-премьердің адвокаты «Наджиб тәртіп сақшыларына көмек берген. Үй үлкен болғандықтан, операция ұзаққа созылды. Ешқандай құжаттар тәркіленген жоқ»,- деп мәлімдеді тілшілерге.
Өткен аптада бұрынғы үкімет басшысы мен оның жарына елден шығуға тыйым салынған еді. Жақында өткен парламенттік сайлауда жеңген оппозициялық блоктың лидері Махатхир Мохамад Наджиб премьерлікте болғанда өзі құрған мемлекеттік инвестициялық қорынан ұрлау фактілерін тергейтінін жариялаған-ды.
Мадина РАХЫМБЕК
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.