Конгоның солтүстік-батысында «Эбола» вирусынан бір адам көз жұмды
Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-батысында қайта тараған «Эбола» вирусынан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етіп отыр.
Ресми мәліметтерге сай, қазіргі уақытқа дейін осы аймақта бұл дертті 11 адамның жұқтырғаны белгілі. Олардың үшеуі - медицина қызметкері.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конгода «Эбола» безгегі қайта пайда болғаны туралы мамырдың 8-де жариялаған болатын.
«Эбола» - қазіргі заманғы аса қауіпті індеттердің бірі. Оны жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, құсады, сіңірлері тартылып, ішке қан кетеді.
Мадина РАХЫМБЕК
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06