Армения оппозициясының лидері Никол Пашинян шерулерді тоқтатуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армения оппозициясының лидері Никол Пашинян шерулерді тоқтатуға шақырды

03.05.2018

Армения оппозициясының лидері Никол Пашинян өз жақтастарын шерулерді тоқтатып, жұмыс пен оқуға оралуға шақырды. Оның айтуынша, «қазір алаңда шешуді талап ететін проблема жоқ».

Әуелде биліктегі Арменияның Республикалық партиясы премьер-министр сайлауында «Елк», «Дашнакцутюн» және «Царукян» оппозициялық фракциялары ұсынатын кандидатты қолдайтынын жариялаған болатын. Ал олар болса, Пашинянға демеу көрсетпек.

Сәрсенбіде манифестанттар Арменияны Грузия және Иранмен байланыстыратын басты автожолдарды бөгеп, Никол Пашинянды үкімет басшысы етіп тағайындалуын талап етті.

Мамырдың 1-де депутаттар оның кандидатурасын мақұлдаған жоқ еді. Келесі дауыс беру мамырдың 8-де өтуі тиіс.

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу