Америкалық әуе компаниясы ұшақтардың қозғалтқыштарын тексеру мақсатында 40 шақты рейсті доғарды
Америкалық «Southwest Airlines» әуе компаниясы ұшақтардың қозғалтқыштарын тексеру мақсатында бүгін 40 шақты рейсті доғарды. «Боингтардың» моторын тексеру жұмыстары 30 күнге жоспарланған.
Мұндай талапты компанияларға сәуірдің 20-да АҚШ-тың Азаматтық авиациясының федералдық басқармасы қойды. Оған сай, тексерістен Құрама Штаттарда 352, бүкіл әлем бойынша 681 қозғалтқыш өтеді.
Бұл шара өткен аптада Пенсильванияда болған әуе апатына байланысты қолға алынып отыр. Онда «Боингтың» моторы әуеде жарылып, ұсақ бөлшектер иллюминатор шынысын сындырған. Абырой болғанда, пилот лайнерді жерге қондырды. Алайда, сол оқиғадан бір жолаушы қаза тауып, 19 адам жараланған.
Мадина РАХЫМБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06