Арменияда экс-президент Серж Саргсянның премьер-министр лауазымына тағайындалуына қарсы шыққандар оппозиция лидерлерінің тұтқындалуына қарамастан, шерулерді жалғастырмақ.
Жексенбі күні қарсылық акциялары алғаш рет басшыларсыз өтті. Сенбіде Армен Григорян мен Давид Санасарян, ал, жексенбіде - депутат Никол Пашинян, Сасун Микаелян және Арарат Мирзоян қамауға алынған болатын.
Елді 2008 жылдан бері басқарған Серж Саргсянның үкімет басшысы қызметіне сайлануына қарсы митингілер сәуірдің 13-де басталған. Парламенттік басқару жүйесіне көшкен республикада премьер-министр іс жүзінде елді басқаратын болады. Ал, оппозиция болса, Саргсянды елдің экономикалық жағдайын нашарлатқаны үшін айыптап, сәуірдің 17-де «барқыт көтерілісін» жариялады.
Мадина РАХЫМБЕК