Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 24 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 24 жылға сотталды

06.04.2018

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті билікті асыра пайланғаны үшін 24 жылға бас еркіндігінен айырылды. Алайда, Пак Кын Хенің өзі Орталық аудандық сот отырысына қатысқан жоқ.

Жұрт бұл іске көп қызығушылық танытқандықтан, тарихта алғаш рет үкім ұлттық телеарнаның тікелей эфирінде жарияланған.

Сот экс-лидерді айыптаудың 18 пункті бойынша, атап айтқанда, мемлекеттік құпияны жария еткені, билікті асыра пайдаланғаны, бопсалаушылық пен пара алғаны үшін кінәлі деп таныды. 

Пак Кын Хе 2017 жылы наурызда елдің Конституциялық соты оған импичмент жариялағаннан кейін қызметінен аластатылған болатын. Сөйтіп, ол президенттік қол сұғылмаушылық пен қылмысты қудалаудан иммунитетін жоғалтты.

Алайда, Пак Кын Хенің өзі оған тағылған кінәні мойындамай отыр.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу