Осы аралықта Қазақстан арқылы тасымалданатын жүк көлемі 30 миллион тоннаға жетеді.
Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбектің айтуынша, көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және интеграциялау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, қазір «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің жобасы аяқталуға жақын.
Қазір жолдың 1727 шақырымы іске қосылды. Ал, жыл соңына дейін 157 шақырым жолдың жұмысы бітеді, деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, 2020 жылға дейін 6 мың шақырым темір жол желісі жаңартылады.
Әрі биыл тамызда Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл желісі ел игілігіне пайдалануға берілді.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары:
Осы жолдарда 3 жарым мың жаңа жұмыс орындары ашылды. Әлеуметтік нысандар салу, жалпы 204 тұрғын үй, 2 мектеп және 3 балабақша Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарының әлеуметтік салаларын жақсартатын болады. Бұл бағытта 2018 жылға қарай 24 миллион тонна жүк тартылатын болады. Ал, осы көрсеткіш 2020 жылға қарай 30 миллион тоннаға жеткізіледі.
Алмат ӘБДІРАМАН