АҚШ-та мұғалімдер шеруге шықты
АҚШ-тың бірден екі штатында жүздеген мектеп бір күнге жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Себебі, Оклахома мен Кентуккиде дәріс беретін адам жоқ. Мыңдаған мүғалім митингіге шыққан. «Reuters» агенттігі хабарлағандай, ұстаздар биліктен жалақыны көтеріп, білім ордаларына бөлінетін қаржыны өсіруді талап етіп отыр. Алдын ала мәліметтерге сай, тек Оклахомада ғана шеруге 36 мың адам жиналған.
Кәсіподақтардың мәлімдеуінше, қаржыландырудың жетіспеушілігі салдарынан кейбір мектептер төрт күндік жүйеге көшуге, ал, балалар 20 жыл бұрын шығарылған оқулықтар бойынша оқуға мәжбүр болып отыр. Бұдан бөлек, мұғалімдер «айлық төмен болғандықтан, супермаркеттерде немесе кафелерде қосымша жұмыс істеуге тура келеді», - дейді.
Мадина РАХЫМБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06