Непал астанасы Катмандуда 71 адам мінген ұшақ құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непал астанасы Катмандуда 71 адам мінген ұшақ құлады

12.03.2018

Әскерилердің мәліметінше, апаттан шамаман 50 адам қаза тапқан. Бангладештен жеткен лайнер әуежайға қона бастағанда ұшып-қону жолағынан тайып кетіп, футбол алаңына барып соғылған. Сол кезде жарылыс болды. Өртеніп жатқан ұшақ бөлшектері арасынан 20-ға тарта адам құтқарылған.

Қайғылы оқиғаға байланысты әуежайдан шығатын және оған кіретін барлық рейстер доғарылып, авиациялық терминал уақытша жабылды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу