Непалда 68 адам қаза тауып, төртеуі жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалда 68 адам қаза тауып, төртеуі жоғалып кетті

16.01.2023

Непалда ұшақ апатынан 68 адам қаза тауып, төртеуі жоғалып кетті. Жалпы алғанда, бортта 72 адам болған. Трагедияға байланысты елде қаралы күн жарияланды.

«Йети Эйрлайнс» компаниясының АРТ-72 ұшағы Покхара қаласынан мемлекет астанасы Катмандуға барып, халықаралық әуежайға қонарда құлады. Апат себебі белгісіз. Жексенбі күні таңертең мұнда күн ашық болған.

Жан тәсілім еткендердің көбі – непалдықтар. Сонымен қатар, Ресейдің төрт азаматы мен австралиялық, кореялық, ирландиялық, франциялық, аргентиналық жолаушылар да мерт болды.

Іздеу-құтқару операциясы бүгін қайта жалғасып, оған жүздеген адам тартылып отыр.

Мехмуд хан, куәгер:

Біз қатты дүрсілді естідік және не болғанын көру үшін террасамызға жүгірдік. Көк түтін көтерілді, әуе кемесінің апатқа ұшырағанын түсініп, оқиға орнына бардық. Дегенмен, мен ол жерге тым жақындамадым. Ал, досым тірі қалғандарды іздеу үшін аласа төбешіктен төмен түсіп, кем дегенде 35 адамның мәйітін алып шықты. 

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу