Непалда лайнер құлаған жерден 14 адамның денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалда лайнер құлаған жерден 14 адамның денесі табылды

30.05.2022

Непал армиясы ұшақ құлаған жерге жетті. Апат орнынан 14 адамның денесі табылған. Ұшақ бортында барлығы 22 жолаушы болды. Олардың екеуі германиялық, төртеуі үндістандық, қалғаны - непалдықтар. Лайнер туристік Покхара қаласынан көкке көтерілгеннен кейін 15 минуттан соң радарлардан жоғалып кетті. Лайнердің құлауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Себебі сол уақытта күн бұлтты болып тұрған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу