АҚШ әуе күштері Сирия армиясының одақтастарына соққы берді
Соңғы мәліметке қарағанда, бұл авиациялық шабуылдардан кемінде 100 жауынгер қаза тапты. Пентагон өкілдерінің мәлімдеуінше, үкіметке жақтас 500-дей адам Дейр-әз-Зор провинциясында америкалықтармен бірге жүрген оппозиция жасақтарына шабуыл жасай бастаған. Сондықтан, Құрама Штаттардың ұшақтары әуеге көтеріліп, үкімет қолдаушыларын бомбалауға мәжбүр болды.
Операцияның басталатынын Вашингтон Ресейге ескерткен. Кейбір мәліметтерге қарағанда, президент Башар Асад армиясы мен оның одақтастары «ДАИШ»-тан былтыр қыркүйекте азат етілген аудандарды қайтаруға күш салып жатыр. Ол территорияларда 2014-2017 жылдары «ДАИШ»-қа миллиондаған доллар пайда әкелген мұнай кеніштері де бар.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15
Саяси жүйе жаңарды
30.10.2026, 20:09