Саяси жүйе жаңарды
Саяси реформаларсыз мемлекеттің тұрақты дамуы мүмкін емес. Сондықтан соңғы 7 жылда ел билігі жаңа форматқа ауысып, ауқымды өзгерістер қабылданды. Соның бірі – бірқатар мемлекеттік құрылымдардың мүшелерін тағайындау енді тек Құрылтайдың келісімімен жүзеге асып жатыр. Депутаттарға Жоғарғы Соттың барлық судьяларын сайлау өкілеттігі берілді. Бұл заң шығарушы органның мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін нығайтып, бақылауды күшейтеді.
Жамаладен Ибрагимов, Заң ғылымдарының докторы:
2019 жылғы инаугурациялық салтанатты рәсімінде Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанның құрылатаны жөнінде үлкен саяси-құқықтық тұжырым жариялаған болатын. Міне, осы тұжырымдамаға сәйкес мемлекеттің саяси тұжырымы өзгерді деуге болады. Оның ішінде саяси реформалардың ең басты өзгерісі – екі палаталы парламенттің орнына бір палаталы құрылтай енгізілді.
Тағы бір маңызды өзгеріс – қазір заң жан-жақты сараланады, бірақ бұрынғыдан тез қабылданады. Бұған дейін шешімге келу үшін мәселені бірнеше орган талқылайтын, сосын келісім береді, бекіту сатысы және бар. Енді сол көпсатылы жүйе ықшамдалып, негізгі жауапкершілік Құрылтай мен жаңа саяси институттарға жүктелді. Соның ішінде Халық кеңесіне де міндеттер артылып отыр. Ол халықтың үнін билікке жеткізіп, ел ішіндегі өзекті мәселелер ашық талқылануына жауап береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы