Басты Жаңалықтар Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды

Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды

Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы Ақмола облысында қоғам өкілдерімен Мемлекет басшы Жолдауының негізгі басымдықтарын талқылады. Ерлан Қошанов соңғы жеті жылдағы ауқымды өзгерістер Президент жүктеген міндеттерді іске асыруға берік қалыптастырғанын атап өтті. Осы кезеңде мыңдаған мектеп, балабақша және медициналық мекеме салынды. Жалпы, әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды. 3,6 млн жұмыс орны құрылып, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 3,3 млн-нан 4,5 млн адамға дейін өсті. Ерлан Қошанов сапар барысында Ақмола облысы тұрғыдарынан келген барлық ұсыныс мұқият қаралатынын жеткізді. Бұл ретте Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалар басты назарға алынады.

Ерлан Қошанов, Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы:

Ұлы мемлекеттер қарапайым құндылықтарға сүйеніп қалыптасады. Олар білім, еңбек, адалдық және тәртіп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанды да осындай елдердің қатарынан көреді. Сондықтан Президент заң мен тәртіп, адал азамат секілді құндылықтарды берік негіз ретінде дәйекті түрде орнықтырып, барлығымыздың санамызға сіңіріп келе жатыр.

Бөлісу