Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы бір жылда 41 пайыз өсіп, 500 миллион доллардан асты. Бұл туралы екі елдің үкіметаралық кеңесінің 14-отырысында айтылды. Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Әділбек Қасымалиев қатысты. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Жалпы тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін арттыру көзделіп отыр. Сондай-ақ шекарадағы сегіз автомобиль өткізу пунктін жөндеу мәселесі қаралды. Бұдан бөлек, энергетика және су ресурстары салаларындағы бірлескен жобаларды көбейтуге назар аударды.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
Сонымен қатар, Қазақстан Қырғызстанға тамақ, химия, мұнай-химия және металлургия өнеркәсібі өнімдерінің жеткізілімін арттыруға дайын. Қосымша экспорттық әлеует 331 млн АҚШ долларына бағаланады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы