Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
Алматыда шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды. SMR-300 реакторы негізінде әзірленген симулятор болашақ атом энергетикасы мамандарының тәжірибелік білімін жетілдіруге мүмкіндік береді. Мұнда студенттер, инженерлер мен зерттеушілер реактор жүйелерінің жұмыс істеу қағидаттарын меңгеріп, оны басқару рәсімдерін виртуалды ортада пысықтай алады. Жаңа орталық Қазақстанның атом энергетикасы саласына қажетті кадрларды даярлауға бағытталған. Сонымен қатар болашақта мұнда Орталық Азия елдерінің мамандарын да оқыту жоспарланып отыр. Жалпы соңғы 20 жылда Ядролық физика институтының үш оқу орталығында 5 мыңнан аса маман даярланған.
Гүлзат Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
Ядролық-физика институтының біздің жоғары оқу орындарымен бірлесе отыра базаларды пайдалану, тек қана сабақтарды беру емес онымен қоса осы жерде ғылыми жұмыстарды жасау, магистрлік, докторлық дисертацияларды жазу, эксперименттерді өткізу ғылыми әлеуетті күшейтуге өз үлес қосады деп сенеміз.
Саябек Сахиев, «Ядролық физика институты» РМК директоры:
Бұл жерде біріншіден тек атом электр станциясы сияқты тек электр энергиясын ғана бермейді. Жылу энергиясын да бере алады. Оны АЭС бере алмайды. Екінші мәселе, үлкен атом станцияларында отын уран бойынша 100 пайыз деп есептесек, 8-9 пайызы ғана отын өртенеді. Қалғаны қалдық болып қалып қалады. Мұнда кіші модульді реакторлар 80, мүмкін 90 пайызға шейін уран бойынша өртене алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы