Басты Жаңалықтар Израильде африкалықтарды депортациялау науқаны басталды

Израильде африкалықтарды депортациялау науқаны басталды

Израильде африкалық заңсыз мигранттарды депортациялау науқаны басталды. Олардың 20 мыңына елден кету туралы ескерту табысталған. Үшінші мемлекетке барамын дегендерге қолма-қол ақша мен жол билеті беріледі. Бұл шараны жүзеге асыру үшін үкімет иммиграциялық агенттіктерге жүгініп отыр.

37 мың африкалықты елден күшпен шығару моральдық тұрғыдан оңай емес. Либералдардың ойынша, нацистерден қуғын-сүргін көріп, 1948 жылы Израильді құрған еврейлер мигранттарды аяуы тиіс. Дегенмен, әсіре-оңшыл үкімет оларды депортациялауға мәжбүр. Өйткені, ұлтшылардың талабы сондай. Сонымен қатар, африкалықтарды кіргізбеу үшін Израиль соңғы жылдары Мысырмен арадағы шекараға қабырға тұрғызып жатыр.

Израильге пана іздеп барғандардың көбі – эритреялықтар мен судандықтар.

Адидрори Аврахам, «Assaf» босқындар ұйымының координаторы:

- Бұл адамдардың негізгі бөлігі – Эритрея мен Суданнан. Дәл осы екі мемлекетте адам құқықтары жиі бұзылады, азаматтарды азаптау тәжірибесі қолданылады. Сондықтан, бұл мигранттар халықаралық деңгейде және Израильде де қорғалуға лайықты.

Арыстан РЫСБЕК

Бөлісу