Қытайдың Харбин қаласында халықаралық мұз фестивалі ашылады
Қытайдың Харбин қаласында қаңтардың 5-де әйгілі мұз бен қар фестивалі ашылады. Онда әлемнің түрлі елінен жиналған сәулетшілердің мұздан жасалған бірегей мүсіндерін көруге болады. Мәселен, биылғы байқауға қатысушылар ежелгі «Жібек жолы» бағыты бойынша өркениетті қайта құрастырып шыққан. Сонымен қатар, мұнда жапон сарайы, оңтүстіккореялық ғибадатхана және өзге де қызықты нысандар бар. Алып ғимараттар 80 гектар аумаққа тұрғызылған екен. Жалпы, Харбин халықаралық қыс фестивалі 1985 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол ақпанның соңына дейін, яғни, мұз мүсіндер ерігенше ашық болады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа оқу жылы: 450 мың балаға қолдау көрсетіледі
31.07.2026, 13:07
Арнайы әлеуметтік орталықта жасөспірім көз жұмды
31.07.2026, 13:05
Құрылтай құқық үстемдігін қамтамасыз етеді
31.07.2026, 13:05
12 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
31.07.2026, 13:04
Ортақ мүдде жолындағы тарихи басқосу
31.07.2026, 13:04
Чилидің кейбір аудандары тасқын мен қалың қардан зардап шекті
31.07.2026, 13:03
ІІМ дипфейк пен жалған брокерлерден сақ болуға шақырады
31.07.2026, 13:03
Президент Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысады
31.07.2026, 13:02