Гарри ханзада Обамадан сұхбат алды
АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама Ақ үйден кеткеннен кейінгі алғашқы сұхбатын «ВВС» радиосының «Бүгін» бағдарламасына берген. Бұл әңгіме қыркүйекте жазылғанымен, енді ғана әуе толқынына шығып отыр. Обамаға сұрақты бағдарламаға шақырылған жүргізуші Гарри ханзада қойды. Американың бұрынғы президентінің ойынша, әлеуметтік желілерді жауапсыз пайдалану қауіпті. Сонымен қатар, мұндай әрекет жалған ақпараттың тарауына әсер етіп, адамдардың күрделі қоғамдық-саяси үрдістерге қатысты түсінігін бұрмалайды.
Айта кетсек, АҚШ -тың қазіргі президенті Дональд Трамп «Твиттер» желісін қолданады. Барак Обаманың сөзінше, биліктегі адамдар әлеуметтік желілерге хабарлама жазғанда өте абай болғаны абзал.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18