Испания королі халықты бірлікке шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испания королі халықты бірлікке шақырды

25.12.2017

Испания королі VI Фелипе халыққа жаңажылдық жолдауында Каталония тәуелсіздігі жақтастарын бірлікке шақырды. Сонымен қатар, монарх баршаны тату өмір сүруге және қақтығыстардан бойды аулақ ұстауға үндеді. Жалпы, бұл сөзінде VI Фелипе басты назарды Испанияның біртұтастығына аударды.

Желтоқсанның 21-де Каталонияда өткен кезектен тыс парламенттік сайлауда Испаниядан бөлінуді жақтайтын 3 партия жеңіске жетті және де бұл провинцияда қазанның 1-де ұйымдастырылған референдумда халықтың көпшілігі жеке мемлекет болуға дауыс берді. Сол плебисциттің нәтижесімен келіспеген Мадрид Каталония парламенті мен үкіметін таратты.

Королдің ойынша, ұлтшылдар тәуелсіздіктен бас тартып, Испанияның  бірлігіне ден қойғанда ғана, қиындықтарды, соның ішінде, терроризмді жеңуге болады.

Фелипе, Испания королі:

- 2017 жыл Испания үшін күрделі болды және де ол - Каталония үшін есте қалатын жыл. Бірнеше күн бұрын бұл аймақ тұрғындары парламенттегі өз өкілдерін таңдады.  Енді, заң шығарушы орган алдында әркелкілік пен күллі қоғамның игілігін  ескере отырып, барша каталондықтарға қатысты мәселелерді шешу міндеті тұр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу