ЕҚЫҰ: Донбаста атыс жиілеп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕҚЫҰ: Донбаста атыс жиілеп барады

20.12.2017

Украинаның шығысында жанжал қайта күшейіп келеді. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының арнайы қадағалау комиссиясы дабыл қағып отыр. Оның дерегіне сай, желтоқсанның 11-нен 17-сіне дейін атысты тоқтату режимі 16 мың рет бұзылған. Бұл 11-не дейінгі аптамен салыстырғанда 35 пайызға көп. Ал, өткен аптада қарулы шабуылдардан 5 адам жараланып, 9 жастағы бала қаза тапты.

Жағдайды реттеу үшін ОБСЕ әскери техниканы майдан шебінен әкетуге үндеді.

Украинаның шығысындағы жанжал 2014 жылдан бері жалғасып жатыр. Армия мен ресейшіл сепаратистер бітім жасаса да, қаза тапқандар туралы ақпарат күнде түсіп отырады.

Киев Мәскеуді Донбассқа сарбаздар мен ауыр қару-жарақ жіберіп жатыр деп айыптап отыр. Ресей болса, мұны жоққа шығарып келеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу