Басты Жаңалықтар Бельгияда мыңдаған адам Пучдемонды қолдап шеруге шықты

Бельгияда мыңдаған адам Пучдемонды қолдап шеруге шықты

Бүгін Брюссельде мыңдаған адам Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон мен оның жақтастарын қолдап Орталық саябақта акция ұйымдастырды. Еуропаның түкпір-түкпірінен жиналған шерушілерге Пучдемонның өзі де барды. Таяуда ол әзірге Брюссельде қалып, «Каталония үшін бірге» партиясының сайлауалды кампаниясын жүргізетінін мәлімдеген еді. 

Пучдемон Каталонияда қазанның 1-де өткен Тәуелсіздік туралы референдумды заңсыз ұйымдастырды деген айыппен жақында тұтқындалып, кейін босатылды. Қазір онда сайлауалды үгіт-насихат науқанын жүргізу құқығы бар.  

Айта кетсек, Каталонияда желтоқсанның 21-де парламенттік сайлау өтеді. Оның қарсаңында  ұлтшылдар тәуелсіздік мәселесін көтеріп, жеңіске жетуден үмітті.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу