Ливан премьер-министрі отставкаға кетуден бас тартты
Ливан премьер-министрі Саад Харири шешімін өзгертіп, отставкаға кетуден бас тартты. Ол биыл қарашаның 4-і күні қызметтен кетемін деген мәлімдеме жасаған еді. Ел премьері таяуда Бейрутқа оралып, президент Мишель Аунмен кездескен. Бұдан кейін Харири отставкаға кетуін кейінге қалдыратынын мәлім етті. Сондай-ақ, ол көрші елдерден төнген қауіп-қатерден қорғау мақсатында ел бірлігін сақтау үшін барын салатынын айтып кетті. Харири тағы бір сөзінде аймақтағы жанжалдарға коалиция серігі «Хезболла» мен Иран елі айыпты деген пікірін білдірді. Сонымен бірге, ел премьер-министрі таяуда оған қастандық жасалғанын мәлім етіп, бірақ, оқиғаның егжей-тегжейін нақтыламады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06