Трамптың твиттердегі парақшасында мұсылмандарға қарсы видео пайда болды
АҚШ президенті Дональд Трамптың твиттерінде британдық оңшылдар ұйымының мұсылмандарға қарсы 3 бейнеролигі жария болды. Трамп парақшасында Britain First ұйымының өкілі Джайда Франзеннің жария еткен видеоларымен бөліскен. Оның бірінде мұсылман мигрант балдақпен жүретін голландиялық жасөспірімді ұрып жатыр. Қалған екеуінде Франзеннің мұсылмандарға қарсы пікірі сипатталған. Бұл оқиғаны Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйдің өкілі «Президенттің бұл әрекеті дұрыс емес» деген мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, бұл провокациялық бейнероликтер жалған және ахуалдың шиеленісуіне әкеп соғады деп мәлімдеді.
Айта кетсек, твиттерде Франзенге 52 мыңнан астам адам жазылған. Ал, Трамптың оқырмандарының саны 44 миллионға жеткен.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06