Ұлыбритания ханзадасы Гарридің қалыңдығы Меган Марклге ханшайым мәртебесі берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания ханзадасы Гарридің қалыңдығы Меган Марклге ханшайым мәртебесі берілмейді

29.11.2017

Ұлыбритания ханзадасы Гарридің қалыңдығы Меган Марклге ханшайым мәртебесі берілмейді. Өйткені, оның бойында корольдің қаны жоқ. Монархия ережелеріне сәйкес, Гарри мен Меган үйленгеннен кейін қалыңдық Жоғары мәртебелі ханшайым деп аталғанымен, ол іс жүзінде олай есептелмейді. Мұндай жағдай ханзада Уильям мен Кэтрин Миддлтонның да басынан өткен. Кэтрин де патша әулетінен емес. Гарри мен Меганның келер жылы мамырда үйленетіні осы аптаның басында жарияланды.

Айта кетейік, 36 жастағы Маркл «Форс-мажоры» сериалында Рейчл Зейн рөлін сомдап, әлемге танылды. Ал, 33 жастағы ханзада Гарри Британияның королдік тағына отыруға бесінші орында тұр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу