Ұлыбритания ханзадасы Гарри мен оның жұбайы Меган Маркл ұлды болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания ханзадасы Гарри мен оның жұбайы Меган Маркл ұлды болды

07.05.2019

Елизавета II-нің шөбересі дүйсенбі күні жергілікті уақытпен таңғы 5:26-да дүниеге келген. Осылайша текті ұрпақ британ тағының жетінші мұрагері атанды. Оның салмағы - 3 келі 300 грамм.

Бұл қуанышты хабарды Гарри ханзада өзі хабарлап, нәрестені бірнеше күннен кейін көрсетуге уәде беріп отыр. Ол ана мен баланың денсаулығы жақсы екенін айтып, «әке болу - ғажап сезім» деп ағынан жарылды. Сонымен қатар, құттықтау жолдап, тілек білдірген барша жұртқа да алғысын білдірді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу