Павлодарда «Студенттік бал» өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Студенттік бал» өтті

27.11.2014
Павлодарда «Студенттік бал» өтті

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттерінің қатысуымен «Студенттік бал» өтті.  Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарланды.

Шараны ұйымдастырушылар Жастар ісі жөніндегі комитеті мен студенттік ректорат белсенділері.

Көпшілік назарына класикалық би үлгілері, оның ішінде полонез, полька, мазурка билері ұсынылды.

Кештің екінші бөлімінде дебютанттар би, сахналық образ және вокалдық дарындарын байқайтын үй тапсырмаларын орындады. Сондай-ақ, кеш бағдарлмасында С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттік филармониясының би топтары мен әншілері өнер көрсетті.

Сонымен қатар, кеште «Көрермен көзайымының ханзадасы мен ханшайымы», «Жастар ісі жөніндегі комитеттің ханзадасы мен ханшайымы» аталымдары бойынша жүлделер табыс етілді, ғаламторда қосымша дауыс беру арқылы  «ханзада мен ханшайым» анықталды.

Ал «ПМУ ханзадасы мен ханшайымы» атанған Алмас Мәжит пен Махаббат Қанабекова болды.

 

Хабарламаларға жазылу