Ханзада Гарри актриса Меган Марклға үйленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ханзада Гарри актриса Меган Марклға үйленеді

28.11.2017

Ұлыбритания ханзадасы Гарри америкалық актриса Меган Марклға келер жылы үйленетінін жария етті. Екі жас осы айда сөз берісіп, уәделескен. Ал, той 2018-дің көктеміне жоспарланып отыр. Бұл турасында Кларенс-хаус баспасөз қызметі хабарлады.

Ханзада Гарри II Елизавета және отбасы мүшелерінің батасын алып, қыздың әке-шешесінің алдынан өткен. Үйленген соң жас жұп Кенсингтон сарайы резиденциясының бірінде тұрады деген жоспар бар.

Айта кетейік, 36-жастағы Маркл «Форс-мажоры» сериалында Рейчл Зейн рөлін сомдап, әлемге танылды. Ал, 33 жастағы Гарри британ корольдік тағына отыруға бесінші орында тұр.

Олар былтыр шілде айында танысқаны белгілі болды. Қуанышты хабарды естіген ел премьер-министрі Тереза Мэй жастарды құттықтап үлгерді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу