Ұлыбритания ханзадасы Гарри мен жұбайы Меган жұртқа сәбилерін көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания ханзадасы Гарри мен жұбайы Меган жұртқа сәбилерін көрсетті

10.05.2019

Ұлыбритания ханзадасы Гарри мен жұбайы Меган жұртқа сәбилерін көрсетті. Нәрестеге Арчи Харрисон Маунтбеттен-Виндзор деген есім беріліпті. Сассекс герцогі мен герцогинясы ұлды болғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шығып, Виндзор сарайында журналистермен кездескен. Олар баланың денсаулығы жақсы екенін айтып, ата-ана болу қуанышымен бөлісті. Сонымен қатар, патша отбасының жаңа мүшесі әжесі -  Елизавета патшайыммен кездесіп, ханзада атағына ие болды. Осылайша, ақсүйек ұрпақ британ тағының жетінші мұрагері атанып отыр.  

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ   

Хабарламаларға жазылу