Жапониялықтар цунами мен ядролық апаттың құрбандарын еске алды

11.03.2019

Жапонияда болған цунами мен ядролық апатқа биыл сегіз жыл толды. Осыған орай ел астанасы Токиода еске алу күні өтті. Шараға Жапония ханзадасы Акисино мен ханшайым Кико қатысты. Апат құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Естеріңізге сала кетсек, мұнда 2011 жылы наурыздың 11-де 9 балдық жер сілкінісі болып, оның соңы цунами мен ядролық апатқа ұласты. Салдарынан 15 мыңнан астам адам қаза тапты. Сонымен қатар, жүздеген мың адам панасыз қалып, эвакуациялық орталықтарда бірнеше ай бойы өмір сүруге мәжбүр болды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу