Мьянма мен Бангладеш шекарасында 6 мыңға жуық рохинджа мұсылманы тұрып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мьянма мен Бангладеш шекарасында 6 мыңға жуық рохинджа мұсылманы тұрып қалды

23.11.2017

Босқындар не үйлеріне қайтып бара алмайды, не батпақтан өтіп, Бангладештегі нашар лагерьлерге жетуге зауқы жоқ. Өйткені, ондағы жағдай қиын, жататын орын жоқ, шатырлар өте тар.

Айта кетейік, биыл тамызда Мьянманың Ракхайн штатында рохинджа қарулы тобы мұсылмандарға қысым көрсетті деп, Мьянма қауіпсіздік күштерінің бекеттеріне шабуыл жасады. Содан кейін буддистер рохинджалардың ауылдарында тұрғындарды зорлап өлтіріп, үйлерді өртей бастады.  Соңғы мәліметке қарағанда, осы зорлық-зомбылыққа байланысты Бангладешке 620 мыңнан астам рохинджа мұсылманы қашып барды.  

Хамид Хуссейн, рохинджа босқыны:

- Біз күндіз ыстыққа күйіп, түнде суыққа тоңып жүрміз. Мұнда өмір бойы тұрғым келмейді. Кеткім келеді. Аздап ақшамыз бола қалған жағдайда, базарға барып балық сатып аламыз. Жоқ болса, осылай шөп-шаламды, көкөністі қорек етіп жүреміз.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу