Uber такси қызметінен 57 миллион клиент туралы мәлімет ұрланды
Uber такси қызметіне хакерлер шабуыл жасап, 57 миллион жолаушы мен жүргізушілер туралы мәліметтерді ұрлады. Бұл турасында «Bloomberg» агенттігі хабарлап отыр. Оқиға былтыр қазан айында болған. Алайда, ол жайындағы ақпарат енді ғана жария етілді.
Компания кибершабуылды жасырын ұстап, қолды болған мәліметтерді жою үшін хакерлерге 100 мың доллар пара берген. Компьютерлік бұзақылар жолаушылардың аты-жөні, электрондық поштасы, телефон нөмірі мен жүргізушілердің куәліктерінің нөмірлері туралы ақпараттарға ие болған. Дегенмен, Uber басшыларының сөзінше, хакерлер бұл деректерді пайдаланып үлгермеді.
Оқиғаға байланысты компанияның қауіпсіздік қызметінің басшысы Джо Салливан отставкаға кетті.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06