Мароккода гуманитарлық көмек тарату кезінде 15 адам қаза тапты
Мароккода гуманитарлық көмек тарату кезінде 15 адам қаза тауып, 40-қа жуығы жараланды. Құрбандардың көбі - әйелдер мен егде жастағылар. Оқиға елдің Әс-Сувейра порттық қаласының Сиди Буалем ауылында болған. Қайырымдылық ұйымы жағдайы нашар отбасыларға жыл сайын азық-түлік таратады. Бірақ, осы жолы әдеттегіден көп адам жиналып, талас пен байбалам басталған. Соның салдарынан талай тұрғын қысылып, аяқ астында тапталды.
Король Мұхаммед VI қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге үкіметтің көмектесетінін және құрбандарды жерлеу шығындарын өз мойнына алатынын мәлімдеді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06