Зимбабведе басқарушы партия Роберт Мугабені президенттіктен кетіреді. Оған бүгін ресми түрде өз еркімен президенттіктен кетуі керек деген талап қойылды. Әйтпесе, оған импичмент жарияланады. Бұл хабарды естіген жұрт демалыс күндері ел астанасы Харареде көшеге шығып, би билеп қуанды. Мугабеге қарсы шеруге он мыңдаған адам қатысты деген мәлімет бар. Осыдан бірер сағат келіп түскен мәліметтерге қарағанда, Мугабе тікелей қосылу кезінде сөз сөйлеп, әзірге бұл туралы үн қатқан жоқ. Оның орнын енді 75 жастағы бұрынғы вице-президент Эммерсон Мнангагву басуы тиіс. Екі апта бұрын Мугабе оны қызметтен босатып, халықтың наразылығын тудырған еді.
Естеріңізге салсақ, Зимбабве әскерилері 93 жастағы ең қарт президентті отбасы мүшелерімен тұтқынға алған болатын. Олар оның айналасындағылар елге экономикалық және әлеуметтік зардап келтірді деп айыптауда.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ