Грекияда су тасқынынан 15 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда су тасқынынан 15 адам қаза тапты

16.11.2017

Грекияда төпелеп жауған нөсер тасқынға ұласып, 15 адамның өмірін қиды. Тағы 3 адам із-түзсіз жоғалып, бірнешеуі жараланған. Бұл туралы «Reuters» агенттігі хабарлап отыр. Осыдан бірер сағат бұрын келген мәліметке жүгінсек, табиғи апаттан әсіресе, елдің батысы, Афины маңындағы Неа Перамос және Мандра қалаларлары зардап шегіп, мұнда төтенше жағдай жарияланған. Көшелер өзенге айналып, адамдар көліктерін тастап кетуге мәжбүр. Ағаштар құлап, электр сымдары үзіліп, байланыс жүйесі де зақымдалды. Су басқан жерлерден 20 мыңдай адам қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр. Зардап шеккен өңірлерге 150-ден астам құтқарушы мен 50 шақты көлік жұмылдырылған. Елге келтірілген шығын мөлшері әзірге белгісіз. Ел премьер-министрі Алексис Ципрас апаттық жағдайға байланысты төтенше жиналыс өткізді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу