Ресейдің Ижевск қаласында 9 қабатты тұрғын үйде жарылыс болды
Кеше кешкісін Ресейдің Ижевск қаласында 9 қабатты тұрғын үйдің тұтас 1 подъезі құлап, 4 кісі қайтыс болды. Тағы осынша адам жарақаттанып, ауруханада жатыр. Алдын ала белгілі болғандай, апатқа тұрмыстық газдың жарылуы себеп болған. Оқыс оқиғаның кесірінен барлығы 32 пәтер бір-ақ сәтте бетон үйіндіге айналды. Апаттан соң құтқарушылар тұрғын үйдің өзге кіреберісінде тұрып жатқан 500-дей адамды басқа жаққа шұғыл көшірді.
Енді мамандар ғимараттың аман қалған бөлігі қандай жағдайда тұрғанын зерттеуі тиіс. Жарылыс болған жерде түні бойы жұмыс істеген құтқарушылар үйіндінің астында бастырылып қалған адамдардың бар-жоғын тексеріп, айналаны тазартып жатыр. Ал, тергеушілер апатқа қатысты қылмыстық іс қозғады.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06