Басты Жаңалықтар Мәскеуде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 263 адам тұтқынға алынды

Мәскеуде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 263 адам тұтқынға алынды

Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, бұл оппозиция жақтастары үкіметке қарсы акция ұйымдастырып, әкімшілік мекемелерге шабуыл жасамақ болған. Қарашаның 4-і мен 5-і күндері халық бірлігі мерекесі барысында оппозиция жетекшісі Вячеслав Мальцев бастаған «Артподготовка» атты қозғалыс мүшелері бірнеше ғимараттарды өртемек болған. Құқық қорғаушылар ұсталған адамдардан 15 шақты жанатын сұйықтығы бар бөтелке тәркіледі. Тұтқындалғандарды полиция бөлімшелеріне апарып, тергеп жатыр. Соңғы келіп түскен мәліметтерге қарағанда, елдің Санкт-Петербург, Краснодар, Красноярск және Ростов-на-Дону қалаларында да қақтығыстар болып, адамдар қамауға алынды.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу