Басты Жаңалықтар Канадаға алдағы 3 жылда 1 миллион иммигрант келуі мүмкін

Канадаға алдағы 3 жылда 1 миллион иммигрант келуі мүмкін

Құрама Штаттар елге келушілерге қойылар талапты күшейтеміз десе, ал Канада алдағы үш жылда 1 миллионға жуық иммигрант қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл турасында «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Жергілікті билік жыл сайын 300 мыңдай адамның елге келуіне рұқсат береді. Осы мәселе жөніндегі министр Ахмед Хуссейннің мәлімдеуінше, мигранттар  демография үшін маңызды рөл атқарып, қоғамды жасартуға септігін тигізуі мүмкін.    

Жоспар бойынша, 2020 жылы Канадада мигранттар ел халқының 1 пайызына жетеді. Олардың көбі жастар болады деген болжам бар.  

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу