Бангкокта бұрынғы корольді кремациялау рәсімі өтті
Тайланд астанасы Бангкокта бұрынғы король Пхумипон Адульядеттің кремациялау рәсіміне 100 мыңнан астам адам жиналды. Оның дүниеден озғанынан бір жыл болып отыр.
Кремация бірнеше күнге созылған монархпен қоштасу шаралары аясында өтті. Жергілікті дәстүр бойынша, бальзамдалған мәйітті арнайы арбамен корольдік крематорийге жүздеген әскери адам шығарып салды. Бұл рәсімді көрем деген дүйім жұрт жақын жерден орын алу үшін, тіпті күні бұрын осында түнеген екен.
Айта кетейік, Тайланд королі былтыр қазанның 13-де 88 жасында өмірден озды. Ол 1946 жылдан бері патша болып, әлем тарихында тақта ең көп отырған монарх атанды. Адульядеттің қазасынан кейін корольдік билік оның ұлының қолына өтті.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06